28 сәуірде «Түркия туры» көпкүндік велододасының екінші кезеңі болды. Шабандоздар Аланья – Кемер арасындағы 174,6 шақырымды басып өтті.

Бірінші кезеңдегідей шабандоздардың көбісі мәреге бірдей уақытта жетті – 3 сағат, 50 минут және 17 секунд. Тағы да бірінші болып Omega Pharma – Quickstep-тің британиялық спортшысы Марк Кевендиш келді. Жалпы есепте осы шабандоз топ бастап тұр.

«Астана» командасының сегіз өкілінің де уақыты Кэвиндишпен бірдей. Әзірше, барлығынан жоғары тұрған - Андреа Гуардини (22-орын). Арман Камышев пен Валентин Иглинский тиісінше 42-ші, 47-ші орында.