Харламов Кубогының финалдық алтыншы матчында «Красная Армия» «Спартак» жастар клубын овертаймда жеңіп, сериядағы таразы басын теңселтті.

Әр қатенің құны жоғары болатын, сондықтан екі команда да қорғаныста мұқият ойнады. Есептің екінші периодта ғана ашылғаны бұған дәлел бола алады – «әскерші» Иван Силаев Артем Блажиковскийдің пасынан кейін айдын иелерінің қақпасын дәл көздеді.

Үшінші жиырма минуттықтың басында спартакшылар есепті теңестірді – Архил Неколенко жеке шеберлігінің арқасында өз командасына ойынды құтқаратын мүмкіндік ашты.

Матчтың тағдыры овертаймда шешілді, 7-минута «әскершілердің» капитаны  Артем Блажиевский шайбаны дәл лақтырды.

Осылайша, Жастар хоккей лигасының жеңімпазы 29 сәуірде өтетін жетінші матчта анықталмақ.

«Спартак» ЖХЛ (Мәскеу) – «Красная Армия» (Мәскеу) 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – Силаев (Блажиевский) – 38:161:1 – Неколенко – 45:381:2 – Блажиевский (Огурцов) – 76:32.

Қақпашылар: Шестеркин – Самойлов

Серия есебі: 3:3