Смақов пен Лорияның бұрынғы командасы «Ризеспормен» тең түскен «Фенербахче» мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды.

Түркия чемпионатының былтырғы жеңімпазы «Галатасарай» турнир кестесінің екінші сатысында орналасып, «Фенербахчеден» он екі ұпайға қалуда. Осылайша, чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда «Фенербахче» ел біріншілігін жеңіп алды.