Кәсіпқой футбол ассоциация жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша Луис Суарес 2013/2014 Ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды.

 «Премьер-лигада ұлы ойыншылар жиналған. Мен үшін мұнда ойнау үлкен құрмет», - деді Суарес.

Екінші орынды сауалнамада «Челсидің» жұлдызы Эден Азар алса, «МС» футболшысы Яя Туре үздік үштікті қорытындылады.