27 сәуір күні Бельгияда 100-ші мерейтойлы «Льеж – Бастонь – Льеж» додасында велошабандоздар 263 шақырым болатын кезеңді басып өтті.

Мәре сызығын бірінші болып Orica Greenedge командасының мүшесі аустралиялық Саймон Джерранс кесті, оның ізінше екінші болып Movistar велошабандозы испаниялық Алехандро Вальверде. Үздік үштікті Omega Pharma – Quickstep командасының шабандозы польшалық Михал Квятковский түйіндеді.

«Астана» сапынан ең үздік нәтижесін италиялық Энрико Гаспаротто көрсетті - 12-ші.