27 сәуірде сегіз кезеңнен тұратын «Түркия туры» атты көпкүндік велододаның алғашқысы аяқталды.

Бірінші кезеңде141,6 шақырымнан құралған топтық сайыс болды. Ақтық мәреге дейін пелотон шашылмады, сондықтан көптеген шабандоздар бір нәтиже көрсетті – 3 сағат 15 минут и 43 секунд.

Ақтық мәрені бірінші болып Omega Pharma – Quickstep командасының шабандозы британиялық Марк Кэвиндиш кесті. Екінші орынды  Cannondale сапындағы италиялық Элиа Вивиани алды, ал үздік үштікті  Belkin-дегі голландиялық Тео Бос түйіндеді.

«Астананың» үздік шабандозы италиялық Андреа Гуардини тоғызыншы боп келді. Арман Камышев бірінші кезеңнің мәресіне 42-ші болып келді.