Магниторсктік «Металлург» өз алаңында прагалық «Левтен» овертаймда басым түсіп, Гагарин кубогының финалында үшінші жеңісіне жетті.

Прагада соғылған бірнеше голдан кейін командалардың қорғаныста мығым ойнайтыны белгілі болды. Осылай болды да. Бірінші минутта қос қақпашы да өз қақпасын шайбадан аман алып қалды. Ал үзілістен кейін «Металлургтың» каптаны Сергей Мозякин таразы басын теңселтті. Ал үшінші жиырмаминуттықта Джастин Азеведу көзге түсіп, есепті теңестірді.

Нәтижесінде командалар бұл сериядағы алғашқы овертаймды ойнады. 9-минутта Коварж – Мозякин жұбы тағы да дегеніне жетті. «Металлургтың» чехиялық шабуылшысы қапталдан пас асырды, шайбаға бірінші жеткен Мозякин екінші рет Веханен қақпасын дәл көздеді.

«Металлург» (Магнитогорск) – «Лев» (Прага) 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)

1:0 – Мозякин (Коварж) – 25:36

1:1 – Азеведу (Закриссон, Шевц) – 42:54

2:1 – Мозякин (Зарипов, Коварж) – 68:40

Қақпашылар: Кошечкин – Веханен

Серия есебі: 3:2