Күрестен Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күнінде греко-рим күресінен 59, 71, 85 кг және әйелдер күресінен 75 кг салмақта жүлделер ойнатылды.

Қарсылас шақ келтірмей, ақтық кездесуде қытайлық Чжоу Фэнді 7:6 есебімен ұтып, қоржынымызға төртінші алтынды салды.

Греко-рим күресінен 85 келі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов алтынмен апталса, 71 келі салмақта Мақсат Ережепов күмісті місе тұтты.

Бағлан Жақанша (59 кг) қола жүлде үшін болған жекпе-жекте қырғызстандық Каныбек Жолчубекке жол берді.