Жақында өтетін веложарыстарға қатысатын «Астана» шабандоздардың тізімі белгілі болды. 
 
27-ші сәуірде өтетін біркүндік «Льеж – Бастонь – Льеж» веложарысына италиандық Винченцо Нибали мен Энрико Гаспаротто, Максим Иглинский, Алексей Луценко, даниялық Якоб Фульсанг, украиндық Андрей Гривко, эстондық Танел Кангерт және голлландиялық шабандоз Лиуве Вестра қатысады.
 
Сәуірдің 27-і мен мамырдың 4-і аралығындағы «Түркия Туры» көпкүндігінде «Astana Pro Team» намысын италиандық Андреа Гуардини және жерлестеріміз Александр Дьяченко, Дмитрий Фоминых, Дмитрий Груздев, Валентин Иглинский, Арман Қамышев, Дмитрий Муравьев и Руслан Тілеубаев қорғайды.
 
Ал 29-ші сәуір мен 4-ші мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған «Tour de Romandie» жарысында «Астана» атынан Яни Брайкович, Якоб Фульсанг, Эван Хаффман, Максим Иглинский, Танел Кангерт, Фредрик Кесьякофф, Алессандро Ванотти мен Лиуве Вестра өнер көрсетеді.