Михаил Кукушкин ресейлік Теймураз Габашвилимен бірге ATP аясында өтіп жатқан Barcelona Open Banc Sabadell турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шыға алмады.

Ширек финалда Кукушкин мен Габашвили италияндық Фабио Фоньини және австриялық Юрген Мельцер жұбынан екі сетте ұтылды – 3:6, 2:6.