Бүгін «Барселонаның» бұрынғы бапкері Тито Виланова 45 жасқа келген шағында өмірден озды, деп хабарлайды клубтың «твиттердегі»ресми парақшасы.
Екі жыл бойы Виланова қатерлі ісік дертімен күресіп келген еді. Былтырғы маусым аяқталған соң, денсаулығының сыр бере бастауына байланысты клубтан кетуге мәжбүр болған.
Бүгін жағдайы тым нашарлаған Тито ауруханаға түсіп, көз жұмды.