Күрестен Астанада өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші күні толығымен қыздарға арналды. Бүгін олар құрлықтық сайыстың 53, 55, 60, 63 және 69 келі салмақтары бойынша медальдар сарапқа салынды.

Қазақстандық спортшылар бұл күнде үш қола медальді мойнына тақты. Осындай марапатқа ие болғандар - Айым Әбділдина (55 келіге дейін), Екатерина Ларионова (63 келіге дейін) және Эльмира Сыздықова (69 келіге дейін).

Сонымен қатар, үздік үштіктің қатарынан Жұлдыз Әшімова да көрінуі мүмкін еді. Алайда үшінші орынға таласқан жерлесіміз жапон қызы Хикари Сугавараға есе жіберді.

Үшінші күннің қорытындысы төмендегідей:

Әйелдер күресі.

53 келіге дейін

1. Чжон Сеучунь (Қытай)

2. Нгуен Ти Луа (Вьетнам)

3. Хикари Сугавара (Жапония)

3. Розалия Тилегенова (Қырғызстан)

 

55 келіге дейін

1. Сун Йон Ин (Солтүстік Корея)

2. Орхон Пуревджав (Моңғолия)

3. Айым Әбділдина (Қазақстан)

3. Гуань Яцзин (Қытай)

60 келіге дейін 

1. Чжан Лань (Қытай)

2. Айсулуу Тыныбекова (Қырғызстан)

3. Церенчимед Сукхее (Моңғолия)

3. Харука Сато (Жапония)

 

63 келіге дейін

1. Юрика Ито (Жапония)

2. Хан Ин Янь (Қытай)

3. Екатерина Ларионова (Қазақстан)

3. Ким Ран Ми (Солтүстік Корея)

 

69 келіге дейін

1. Сара Дошо (Жапония)

2. Туменцецег Шаркхуу (Моңғолия)

3. Эльмира Сыздықова (Қазақстан)

3. Ян Бинь (Қытай)