«Челси» футбол клубының басшылығы Жозе Моуриньоның айтқанын тыңдап, клубтың басты мақсаты Чемпиондар лигасы деген шешімге келді.

«Ливерпульге» қарсы кездесуде «ақсүйектертердің» Англия біріншілігіндегі тағдыры шешілмек. Бүгінде бірінші орынға таласып, алтыннан алқа тағуға мүмкіндігі бар «Челси» ливерпульдіктерден бес ұпайға қалып келе жатыр. Алдағы уақытта ұпай жоғалтатын болса, чемпиондық жарыста қалып қоятыныі анық. Алайда лондондықтардың басты мақсаты Чемпиондар лигасында топ жару. 

Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде «Челси» Мадридте «Атлетикомен» тең түсіп, ақтық сынға өтуге мүмкіндік алды. Әрине, бұндай нәтиже ағылшындықтардың күш-қайратын кетіргені айқын. Испания астанасында команданың көшбасшылары Петр Чех пен Джон Терри жарақан алып қалған болатын. The Guardion-ның хабарлауынша,  клуб басшылығы жиналыс жасап, маусымның соңына таман күштің қайда кетерін шешті. «Атлетикоға» қарсы жауапты ойынға тыңғылықты дайындалу үшін директорлар кеңесі Моуриньоға «Ливерпуль» командасына қарсы көшбасшыларын шығармауға рұқсат берді. «Челсидің» қожайыны Роман Абрамович те бұл идеяны құптады.

Естеріңізге сала кетсек, «Ливерпуль» мен «Челсидің» арасындағы матч 27 сәуірде өтеді.

«Біз Еуропада Англияның намысын қорғайтын жалғыз командамыз. Менің ойымша, «Ливерпульге» қарсы «Атлетикомен» ойнамайтын футболшыларды шығару қажет», - деді Моуриньо.