Гагарин Кубогы финалының төртінші матчында магнитогорлық «Металлург» прагалық «Левті» жеңіп, есепті теңестірді.

Матч нәтижелі болды. Қарсыластар бір-біріне тез арада жауап қайтаруға тырысты. Соңғы периодқа дейін есеп 3:3-ке жетті. 

Ал үшінші кезеңде Данис Зарипов Кошечкиннің қақпасына жауапсыз екі шайба тоғытып, командасына жеңісті сыйлады.

Сериядағы есеп теңесті. Айта кетерлігі, осы матчта Құрлықтық хоккей Лигасының рекордтық нәтижесі тіркелді. Ойынды барлығы 17073 көрермен тамашалаған. 

 

«Лев» (Прага) – «Металлург» (Магнитогорск) 3:5 (2:2, 1:1, 0:2)

0:1 – Хабаров (Тимкин) – 03:571:1 – Улльстрем (Капанен) – 07:102:1 – Азеведу (Закриссон) – 17:132:2 – Антипин (Зарипов, Мозякин) – 18:123:2 – Немец (Азеведу, Капанен) – 26:023:3 – Антипин (Мозякин) – 34:023:4 – Зарипов (Мозякин, Антипин) – 40:383:5 – Зарипов (Мозякин, Коварж) – 44:07

Қақпашылар: Веханен – Кошечкин

Сериядағы есеп: 2:2