Братина Кубогы финалының төртінші кездесуінде қарағандылық «Сарыарқа» түмендік «Рубинге» тізе бүкті.
Өткен матчтағыдай қонақтар алғаш болып есеп ашты, тіпті есепті 2:0-ге жеткізді. Бірақ қарағандылық ұжым тез арада есін жинап жауап ретінде Олег Ломако мен Денис Кузьмин бір-бір шайбадан соқты.
Алайда, үшінші кезеңде Александр Громовтың алыстаған соққан шайбасы Ковачтың қақпасында тулап жатты. Сосын, Станислав Голованов қарағандылықтарға мүмкіндік қалдырмады.
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Рубин» (Түмен) 2:4 (0:1, 1:2, 0:2)
0:1 – Сандер (Гайдаш) – 06:410:2 – Зюзякин – 24:291:2 – Ломако (Ал. Васильев, Махо) – 26:502:2 – Кузьмин (Ломако, Махо) – 31:342:3 – Громов (Трифонов) – 48:412:4 – Голованов (Акифьев) – 54:56
Қақпашылар: Ковач – ФранскевичСериядағы есеп: 2:2
Комментарии