Мадридтік «Реал» футбол клубының шабуылшы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы аясындағы «Баварияға» қарсы бірінші кездесуге шығуына команда мүшелері қарсы болғанын айтты.

«Соңғы үш апта бойы емделіп алаңға шыға алмадым. Сондықтан ойын алдында аздап қобалжу болды. Әріптестерімнің кейбіреуі матчқа қатысуыма қарсы болды, алайда қолдағандар да бар. «Алаңға шық» деп ешкім мәжбүрлеген жоқ, командаға көмектесу – менің борышым деп есептедім», – деді Роналду.