Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионатының бірінші жарыс күні аяқталды.
 
Еркін күрестен 57 келі салмақта белдескен Расул Қалиев Азия чемпионы атанды. Ол финалда моңғол палуаны Дамдинбазар Цогтбахтхрмен белдесіп, 10:4 есебімен жеңіске жетті.
 
Сонымен қатар, 86 келіде Аслан Кахидзе күміс медальді, 125 келіде Дәулет Шабанбай қола медальді еншіледі.
 
Осылайша, бірінші жарыс күнінде отандық еркін күрес шеберлері үш медаль жеңіп алды.
 
Айта кетейік, 65 келіде белдескен Дәурен Жұмағазиев бесінші орыннан көрінді.