Болгарияның Софья қаласында бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды.

Аталмыш жекпе-жектердің қорытындысы бойынша төрт жерлесіміз ақтық кездесуге жолдама алды. 

49 келі. Шалқар Айқынбай – Шуан Какара (Үндістан) – 2:1.
 
56 келі. Сұлтан Зауырбек – Петер Макграин (Ұлыбритания) – 2:1.
 
60 келі. Абылайхан Жүсіпов – Икболжон Холдаров (Өзбекстан) – 3:0.
 
81 келі. Вадим Казаков – Вегар Трегрен (Норвегия) – 2:0.
 
Сондай-ақ, қыздар бәсекесінде Алуа Балқыбаева 57 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.