Футболдан Қазақстан Кубогы аясында шымкенттік «Қыран» өз алаңында батысқазақстандық «Ақжайықты» жеңді.

Былтыр Премьер-Лигада бақ сынаған «Ақжайық» кубоктық саяхатын ерте аяқтады. Шымкенттіктер қонақтарының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Евгений Чикризов дубль жасаса, Эльбар Нәбиев бір мәрте қанжығасын майлады. Бірінші лигасының көшбасшысы 1/8 финалда.

«Қыран» — «Ақжайык» 3:0 (1:0)Голдар: Чикризов 42 (1:0), Нәбиев 59 (2:0), Чикризов 82 (3:0)Төреші: Сахи (Қызылорда)23.04.2014. Шымкент. Қажымұқан ат. Орталық стадион. 700 көрермен.