Астана мен Көкшетау қалаларында футболдан Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі басталды. Екі кездесу де қонақтардың пайдасына шешілді  – қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат» Кубоктық саяхатын жалғастырады.

«Тобыл» елордамызда жергілікті «Бәйтеректі» тас-талқан қылды. Есепті бірінші таймда Игорь Бугаев ашты. Үзілістен кейін Анатолий Богданов пен Алексей Малышев қостанайлықтардың басымдығын ұлғайта түсті. Ал кездесудің нүктесін Равиль Жалилов қойды.

«Бәйтерек» (Астана) – «Тобыл» (Қостанай) 0:4 (0:1)

Голдар: Бугаев (30), Богданов (53), Малышев (56), Жалилов (79)

Премьер-Лиганың тағы бір өкілі алматылық «Қайрат» Көкшетауда «Оқжетпесті» қапы қалдырды. Бірінші таймда алматылықтар Милош Лачныдың арқасында екі гол айырмашылығымен алға шықты. Ойынның соңында командалар бір голдан алмасып алды. Алдымен Владислав Нехтийдің соққан добына қонақтардың жақсы танысы Әлібек Бөлешев жауап қатты.

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Қайрат» (Алматы) 1:3 (0:2)

Голдар: Бөлешев (90) – Лачны (4, 26), Нехтий (89)