Алматылық «Қайрат» Бакуге ұшып келді. Биыл алматылықтар Еуропа чемпионы атағын қорғауға тырысады.

Естеріңізге сала кетсек, «Төрттік финалы» 24-26 сәуір арасында болады. «Қайрат» алғашқы кездесуін «Динамоға» қарсы өткізеді. Мәскеулік клуб былтыр кеткен есені қайтармақ ойда. Сол кезде Какау командасы ресейлік клубты турнирдің финалында тізе бүктірген еді.

Қазақстан және Еуропа чемпионының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовтың айтуынша, алматылық клуб «Динамоға» тиісінше қарсылық көрсетеді. Жоспар бойынша бүгін жергілікті уақытпен 17:30-да жаттығу жиыны болады.

Жартылай финалдың екінші жұбында «Араз» «Барселонамен» теке-тіреседі.

Ал кездесулерді KAZsport, Eurosport және Спорт-1 арналары көрсетеді.