Астаналық «Барыс» үш ойыншымен келісімге келді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Команда капитаны Дмитрий Уппер және қорғаушы Майк Ландинмен екі жылдық келісім-шартқа отырды. Ал қақпашы Виталий Еремеев командада тағы бір маусым ойнайды.