Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жуырда өзге мемлекеттің азаматтығын алуы мүмкін. Бұл туралы спортшы жуырда берген сұхбатында айтты. 

— Неліктен ұлттық құрама сапында өнер көрсетуден бас тарттыңыз?

— Себептер көп. Біріншіден, бас бапкер Александр Батяйкин мен көмекшісі Владимир Сахновты құрама команданың 70 пайызы жақтырмайды. Сондай-ақ олардың дайындық бағдарламасы, күнтізбелік жоспары да көңілден шықпайды. Сервистік көмегі мен шаңғыны даярлау тәсілдері де жаман.

— Жеке жаттығу жасағанның өзінде осындай қиындықтарға тап болдыңыз ба?

— Иә, соның өзінде әлем біріншілігінің қола жүлдегері атандым. Бұдан да мықты көрсеткішке жету үшін медициналық бақылауды күшейтіп Еуропаның үздік емханаларында бақылаудан өтіп тұру керек. Осы мәселелерді шешу үшін екі дүркін Олимпиада чемпионы Андрус Веэрпалды дайындап шыққан Мати Алаверді құрамаға тартуды ұсынғанмын. Бірақ та оны алмайды.  

—   Бұл іс-әрекеттер Сочи Олимпиадасындағы нашар көрсеткіштермен байланысты болып тұр ма?

— Медаль ұта алмағаным үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Ауа райының қолайсыздығы, жарысты кеш бастауым және шаңғының нашар «майлануы» кесірін тигізді.

— Сонда кіммен жұмыс істегенді қалайсыз?

— Жеке бапкерім Алексей Наконечныймен, ол мені жақсы біледі және спортшылар арасындағы абыройы жоғары.

— Жағдайдің түзелуі үшін қандай шара қолданасыз?

— Алдағы уақытта жағдай түзелмесе Қазақстаннан кетемін.