Чемпиондар лигасының жартылай финалына шымылдық болған «Атлетико» мен «Челси» арасындағы кездесу күткен үмітті ақтамады.

«Барселона» мен «ПСЖ» секілді азулы қарсыластарын қапы қалдырып, кәрі құрлықтың үздік төрттігіне кірген бұл жұптың кездесуінде жанкүйерлер гол көрген жоқ. Диего Коста секілді сұрмергені бар «Атлетикоға» Жозе Моуриньо шәкірттері тойтарыс бере алды.

Келесі сәрсенбіде «Челси» алаңында өтетін қарымта кездесуде ақтық сында ойнайтын клуб анықталады.

«Атлетико М» (Мадрид) – «Челси» (Лондон) – 0:0 (0:0) «Атлетико»: Куртуа, Годин, Филипе,Хуанфран, Миранда, Марио (Соса 80’), Коке, Гарсия (Вилья 86’), Габи, Диего(Арда 60’), ДиегоҚосалқы құрам: Родригес, Тьягу, Аранссубия, Алдервейрельд"Челси": Чех (Шварцер 18’), Коул, Луис, Кэхилл, Терри (Шюррле 73’),Аспиликуэта, Рамирес, Лэмпард, Оби Микель, Виллиан, ТорресҚосалқы құрам: Эйк, Ван Гинкел, Ба, Калаш, Оскар досЕскерту алғандар: Лэмпард 64’, Оби Микель 75’, Габи 75’, Миранда 89’Төреші: Эрикссон Йонас.22 сәуір. "Висенте Кальдерон" стадионы (Мадрид).