Андрей Голубев АТР аясында өтіп жатқан Barcelona Open Banc Sabadell турнирінің үшінші айналымына өтті.

Екінші айналымда Голубев француз Бенуа Пэрмен кездесті. Бірінші сетті 6:4 есебімен жеңгеннен кейін қазақстандық теннисші екінші сетті де жеңіп жатты (5:1). Алайда қарсыласы денсаулығына байланысты матчты соңына дейін аяқтай алмай, Голубев уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Андрей Голубев (Қазақстан) – Бенуа Пэр (Франция) 6:4, 5:1, бас тартты