«Манчестер Юнайтедтің» шотландиялық бас бапкері Дэвид Мойес қызметінен босатылды.
 
Бұл туралы «қызыл сойқандардың» ресми сайты хабарлайды. Команданың уақытша бас бапкері қызметін Райан Гиггз атқарады. 
 
Естеріңізге сала кетсек, Дэвид Мойес былтырғы маусымда үлкен спортпен қош айтысқан Сэр Алекс Фергюсонның орнына келген болатын.