Биыл өскемендік «Восток» футбол клубында өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Сабырхан Ыбыраев алдағы уақытта шетелдік клубтардың біріне ауысуы мүмкін.

Бейресми ақпараттардың мәлімдеуінше, швейцариялық Цюрих қаласының «Грасхопперс» командасы отандасымызға қызығушылық танытуда.

Ыбыраев бұған дейін «Ертіс», «Тобыл», «Қайрат», «Қайсар», «Астана-1964» сияқты еліміздің бірқатар клубтарында ойнаған.