Футзалдан УЕФА кубогы қарсаңында алматылық «Қайрат» спорт кешенінде баспасөз-маслихатын өткізді. Естеріңізге сала кетсек, төрттік финалдың алғашқы кездесуінде алматылық «Қайрат» мәскеулік «Динамомен» күш сынасады.Баспасөз-маслихатына «Қайрат» футзал клубының төрағасы Қайрат Оразбеков, «Астана» кәсіпқой спорт клубының бас менеджері Юрий Мельниченко, «Қайраттың» бас бапкері Какауо мен команданың капитаны Дінмұхамед Сүлейменов қатысты.

- Юрий, «Астана» клубы «Қайрат» футзал клубынан қандай нәтиже күтеді?- Алдымен, «Қайрат» футзал клубы еліміздегі ең мықты жобалардың бірі екенін айтқым келеді. Қазіргі таңда олар УЕФА кубогының иегері. Осы маусымнан бастап, «Астана» ПКСК «Қайрат» футзал клубымен серіктес атанды. Сондықтан, алматылықтар бізді жақсы нәтижемен қуантады деген ойдамыз. «Астана» велокомандасымен қатар «Қайрат» та әлемде танымал клубтардың бірі.- Қайрат Айтмолдаұлы, «Қайрат» барлық қатысқан жарыстарында жеңімпаз атанды. УЕФА кубогын қатарынан екінші рет ұту қаншалықты қиын болмақ?- Ел чемпионаты өте қызық өрбіді. Жеңімпаз тек соңындағы ғана анықталды. «Тұлпарға» қарсы ойындар ауыр болды. «Аят» пен «СКА-Юг»-та жақсы ойын көрсетті. Сондай-ақ, ел кубогы мен Еременко кубогында топ жардық. Бұдан басқа, шілденің 26-29-ы аралығында Алматы «әлемконтиненталь» кубогын қабылдайды. Демек, биылғы жыл біз үшін аса ауыр болмақ. 

УЕФА кубогын қатарынан екінші рет жеңу қиын болады. «Кастельон» командасы ғана қатарынан екі рет жеңіске жеткен екен. «Динамо» қатарынан екі рет финалда сүрінді, «Барселона» үшін биылғы маусым сәтсіз өтуде, сондықтан олар бар күшін УЕФА кубогына салады. «Араз» мықты ойыншыларды сатып алды. - Какау, командаңыз УЕФА кубогына қаншалықты дайын?- Қайырлы күн! Кездесуге дейін төрт күн қалды. Біз дайынбыз. «Динамо» бізге тіс қайрап жүр. Бірақ, біздің жігіттер олармен қалай ойнау керек екенін жақсы біледі. Бірнеше ойыншыларымыз ауысты. Десек те, Еременко кубогында жаңадан келген ойыншылар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Қарсыламыздың осал тұстарын зерттеп, ойынға мұқият дайындалып жатырмыз. - Дінмұхамед, команда ішіндегі көңіл-күй қалай?- Бар ойымыз - «Динамоны» ұту. Қиын болатынын білеміз, дегенмен былтырғыдай беріліп ойнасақ жеңетінімізге күмәнім жоқ. 

- Барлықтарыңызға сұрақ. «Барселона» мен «Динамоның» ойыншылары келесі кезеңге өтетіндеріне сенімді. Өздеріне тым сенімді емес пе?

Қайрат Оразбеков, «Қайрат» ФК президенті:

- «Барселонаның» ойыншылары үнемі солай айтады. Жеңілісті ешқашан мойындамайды. «Динамо» болса УЕФА кубогын ұтудан дәмелі. Қос ұжымның да мақсаты бір – УЕФА кубогын жеңу. 

Дінмұхамет Сүлейменов, «Қайрат» ФК капитаны:

- Былтырда осылай айтқан. Дегенмен, бәрі керісінше болып шықты. Әркім өз пікірін білдіруде. Барлығын ойын көрсетеді. 

- Какау, қазақстандық ойыншылардан УЕФА кубогында кімдер ойнайды?

- Барлығы. Димаш (Дінмұхамет Сүлейменов – а.т) Еременко кубогының бірінші матчында жарақатына байланысты аз ойнады. Артынша, финалдық кездесуде көбірек доп тепті. Серік Жаманқұловқа да көп уақыт берілді. 

- УЕФА кубогын жеңген жағдайда ойыншыларға сыйақы беріледі ме? 

Қайрат Оразбеков: - Бұл туралы әлі нақты шешім қабылдаған жоқпыз. Қазіргі таңда сыйақы екі түрлі – жартылайфиналдық және финалдық. Біздің демеушіміз финалдыққа жауапты. Егерде, УЕФА кубогын ұтқан жағдайда ойыншыларға 250 мың доллар сыйлықақы беріледі. Бұл - клуб тарихындағы ең ірі сыйақы сомасы .