Astana Arlans бокс клубы жартылай финал аясында Baku Fires-ке қарсы кездесуде екі спортшыны ауыстырды, деп хабарлайды қазақстандық бокстың «ВКонтактедегі» ресми парақшасы.

Естеріңізге сала кетсек, кездесу 26 ақпанда Астана қаласында өтеді. Ал өзгеріске тоқталсақ: 56 келіге дейінгі салмақта Мәди Шулақов Бағдат Әлімбековты ауыстырады, ал 75 келіге дейін салмақта Ерік Әлжановтың орнына Сергей Деревянченко шығады.