Андрей Голубев, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов Барселонада өтетін турнирдің негізгі кестесіне іріктеусіз түсті.

Бірінші раундта Голубев италиялық Маттео Виоламен, Кукушкин Австрияның өкілі Юрген Мельцермен теке-тіреседі. Ал Недовесов 24 жастағы жергілікті теннисші Иньиго Сервантес-Иегунмен кордта кездеседі. Бұл турнирдің қазіргі жеңімпазы - Рафаэль Надаль.

Ал сайыстың жүлде қоры 1 845 585 евроны құрайды.