Футболдан «Шахтер» клубының жаттықтырушысы Виктор Кумыков Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан бас командаға сегіз ойыншыны шақырады дейді.

Бұл туралы Виктор Кумыков «Ордабасымен» болған матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында айтты.

«Біз кездесіп, құрамаға шақыртылатын ойыншылар туралы пікір алмастық. Юрий Красножан біздің команданың негізгі құрамның бір топ футболшыға және қосалқы құрамнан бірнеше ойыншыға қызығушылығын білдірді», - дейді Кумыков клубтың ресми сайтына.