Назарларыңызға WBA бойынша жартылай ауыр салмақтың әлем чемпионы атағы үшін өткізілген Бернард Хопкинс пен Бейбіт Шүменовтың бағыттаған және дәл тигізген соққыларының статистикасын ұсынамыз.

Естеріңізге салсақ, кездесу бүгін ертеңгісін өткізілген еді. Өкінішке қарай, біздің боксшы қарсыласынан жеңіліп қалды. Қызығы, жасы ең үлкен әлем чемпионы атағын алып, американдық өзінің рекордын жаңартты. 

CBSSports.com хабарлауынша, 12 раундта Бейбіт Шүменов 608 соққы бағыттаған, оның 124-і ғана дәл барған екен (20 пайыз). Ал Хопкинс бағыттаған соққылардың саны аз болса да, көбісі діттеген жерге тиіпті  — 383 соққының 186-ы дәл бағытталған (49 пайыз).