WBO-ның әлем чемпионы Питер Куиллин осы салмақ бойынша WBA чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын, деп хабарлады америкалықтың промоутері Ричард Шефер.

«Бізге ұсыныс жіберіңдер. Біз жұдырықтасуға дайынбыз», - деген Шефердің сөзін Sport Illustrated басылымының шолушысы Крис Мэнникс өз микроблогында жариялады.

Айта кетерлік жайт, Питер Куиллин бұған дейін чех Лукаш Конечныды төрешілердің шешімімен жеңген болатын.