ҰХЛ-да өнер көрсетін «Сент-Луис Блюздың» шабуылшысы Владимир Тарасенко «Чикаго Блэкхоукс» командасымен болған кездесуде ойын аяқталуға 6,4 секунд қалғанда таблодағы есепті теңістірді, қосымша уақытта оның командасы жеңісті жұлып алды.

Алғашқы кезеңде «Сент-Луис Блюздың» 2:0 есебімен жеңіп тұрған еді. Ал, екінші периодта «Чикаго Блэкхоукс» ойыншылары жігерліп танытып, қарсыластарының қақпасына жауапсыз үш шайба тоғытты.

Матч аяғында Тарасенко ойыншы басымдығын сәтті пайдаланып, есепті теңестірді.

Қосымша уақытта «Блюз» сапынан Баррет Джекмен көге түсті. Сөйтіп, Владимирдың соққан шайбасы командасына жеңіс сыйлады.

 

«Сент-Луис Блюз» – «Чикаго Блэкхоукс» 4:3 ОТ (2:0, 0:1, 1:2, 1:0)

1:0 – Портер (Леопольд, Шаттенкирк) – 07:082:0 – Шаттенкирк (Шварц, Соботка) – 19:592:1 – Кит (Верстиг, Сибрук) – 37:252:2 – Сибрук (Саад, Одуйя) – 44:532:3 – Розсивал (Саад) – 46:383:3 – Тарасенко (Пьетранджело, Шаттенкирк) – 59:534:3 – Джекмен (Полак, Соботка) – 65:50

Қақпашылар: Миллер – Кроуфорд

Сериядағы есеп: 2:0