Футболдан Армения Ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Вардан Минасян «Тобылдың» басшылығымен келісімге келді.

Минасян Қазақстан чемпионатының жетінші туры аясындағы «Тобыл» мен «Қайрат» арасындағы матчқа қатысқан. Бейресми ақпартқа сенсек, Минасян басшылықпен клубты тізгіндеу туралы келісімге келді. «Тобыл» жуық арада ресми түрде жариялайды.

Алайда, «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне белгілі болғандай Минасян мырза әлі де келісім бермеген көрінеді. Тағы да Вардан Қостанайда қалды ма, әлде ұшып кетті ме белгісіз. 

Вардан Минасян Армения құрамасын жаттықтырғанда ФИФА рейтінгісінде едәуір ілгеріс жасап, 38-ші орыннан бір-ақ шықты.