Қазақстан құрамасының шабуылшысы Семен Кошелев жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің І дивизионы аясындағы А тобында үш бірдей номинация бойынша үздік деп танылды.

Кошелев турнирдің үздік шабуылшысы және 8 ұпаймен (4 гол, 4 нәтижелі пас) үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар, қатысқан командалардың бас бапкерлерінің пікірінше Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы болды.