«Миланның» шабуылшысы Марио Балотелли «россонери» сапындағы баспен салған алғашқы голы үшін қуанышты екенін айтты. 

«Өзім ойнаған барлық команда да баспен гол салған болатынмын, тіпті Италия құрамасында да. Тек қана «Миланда» осыны жасауға мүмкіндігім болмай жүр еді. Бүгін осы дәстүрді тоқтаттым. 

Киінетін бөлмеде біз бәріміз бір жұдырықтаймыз. Сондықтан біз туралы не айтса да, бәрібір», – деді Балотелли италиялық БАҚ-қа.