Талдықорғандық «Жетісу» Таиландтың Накхонпатом қаласында өтіп жатқан клубтық Азия біріншілігінде үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Топтық турнирдің төртінші кездесуінде жетісулық волейболшылар Филиппиннің  «ПДЛТ» командасын бес партияда жеңді  – 25:21, 25:13, 25:21.

Бұның алдында талдықорғандықтар индиялық «Керела Стейт» командасын үш партияда тізе бүктірген болатын – 25:12, 25:11, 25:23.