Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов IBF және WBA нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтың әлем чемпионы атағы үшін өткізілген кездесуде америкалық Бернард Хопкинстен ұпай айырмашылығы бойынша жеңіліп қалды.

Ұрыс он екі раундқа дейін жалғасты. Америкалық боксшы басымдау болды және он бірінші раундта Шүменовті нокдаунға жіберді. Қорытынды нәтижеге келгенде төрешілердің пікірі әр түрлі болды – екеуі Хопкинс (116:111) жеңіске жетті десе, үшінші қазының пікірінше Шүменов 114:113 есебімен басым түсті.

Осылайша Хопкинс ең кәрі әлем чемпионы атанды. Шүменовке қарсы кездесуде Хопкинстың жасы 49-да болды.

 

 

 

Видео YouTube-тағы Shopsports арнасынан алдынды