Харламов Кубогының финалдық сериясында «Красная Армия» екінші кезеңде «Спартактың» жастар командасын тас-талқан етіп, есепті теңестірді.

Бұл жолы жас  «әскершілер» мұз айдынының иесі ретінде қарсыластың қақпасына жауапсыз жеті шайба салып, жанкүйерлерінің көзайымына айналды. 

Жас «Әскершілердің» капитаны Артем Блажиевский дубльмен көзге түсті.

 

«Красная Армия» (Мәскеу) – МХК «Спартак» (Мәскеу) 7:0 (2:0, 2:0, 3:0)

1:0 – Мамин (Огурцов) – 08:472:0 – Шиксатдаров (Блажиевский, Маккаев) – 19:293:0 – Прохоров (Силаев, Подлубошнов) – 25:354:0 – Кузьменко (Огурцов) – 31:325:0 – Блажиевский (Воробьев) – 43:20, 6:0 – Крамской (Шиксатдаров, Воронков) – 46:59,7:0 – Блажиевский (Ковалевский) – 55:22, 

Қақпашылар: Самойлов – Шестеркин (Кондрашов, 32:06 – 60:00)

Серия есебі: 1:1