Қарағандылық «Сарыарқа» түменнің «Рубинынан» кешегі кеткен есені қайтарып, Братина Кубогының финалдық сериясындағы есепті теңестірді.

Бірінші болып болып есепті қарағандылық команда ашты. Екінші кезеңнің аяғында Макаров есепті еселесе, Антоновский мұзайдынның ортасынан ұрған шайбасы Франскевичтің қақпасынан табылды. Соңғы периодта Константин Макаров дубль авторы атанды.

 

«Рубин» (Түмен) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 0:4 (0:0, 0:3, 0:1)

0:1 – Лебедев (Лучкин, Кузьмин) – 30:57

0:2 – Макаров (Гуле) – 37:59

0:3 – Антоновский (Махо, Ковачевич) – 39:45

0:4 – Макаров – 49:39

Қақпашылар: Франскевич – Ковач

Сериядағы есеп: 1:1