Ел біріншілігінің 7-турында «Тараз» өз алаңында «Атырауды» қабылдады.

Жақында ғана бапкерсіз қалған алаң иелерін Арно Пайперстің кетуі серпілтіп тастаған секілді. Бұл жолы тараздықтар «Атыраудан» ұпай жұлып алды. «Мұнайшылар» тарапынан Стэфан Эссаме дубль жасаса, Савио Нсереко бір мәрте көзге түсті. Ал «Тараздан» Тимур Досмағанбетов, Мұрат Тілешов және Иован Голич қонақтар қақпасын дәл нысаналады. Ойын соңында футболшылар арасында қақтығыс болып қалды. Нәтижесінде үш бірдей футболшы ойынды уақытынан бұрын аяқтады.

«Тараз» - «Атырау» - 3:3 (0:1)

Голдар: Досмағанбетов 56, Тілешев 68, Голич 90 – Эссаме 30, 88, Нсереко 60

Алаңнан қуылғандар: Уббинк 91, Голич 91 – Карпович 91