«Астана» тартысты кездесуде «Ертісті»  тізе бүктірді.

Ойынның 15-минутында алаң иелері Джудовичтің көмегімен бірінші боп есеп ашты. Алайда екі минуттан соң елордалықтар есепті теңестірді. Бірінші таймның орта тұсында павлодарлықтар екінші рет есепте алға шықты. Командалар үзіліске кетпес бұрын бір-бір голдан алмасты. Екінші таймда қонақтар басым болды. Курдов таразы басын теңестіріп қана қоймай, кейін алыстан соққы бағыттап, өз командасын алға шығарды. Осылайша Курдов бұл ойында хет-трик жасады.

«Ертіс» әлі де ақсап келе жатыр, ал елордалықтар көш басында қала береді.

 «Ертіс» - «Астана» - 3:4 (3:2)

Голдар: Джудович 17, Бақаев 28, 45 – Нөсербаев 18, Курдов 45+1, 57, 75

Алаңнан қуылғандар: Аничич 45 – Бақаев 67