«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси клубпен жалпы сомасы 400 миллион еуро құрайтын жаңа келісім-шарт жасаспақшы. Сонымен қатар, аргентиналық барлық коммерциялық құқығын өзінде қалдырмақ. Бұл туралы Sport.es сайты жазады.

«Барселона» да әзірше дәл осындай ұсыныс дайындап жатыр, бірақ бұл келісім-шарттың жалпы сомасы 200 миллион еуроны құрайды. Сонымен қатар, каталондықтар Мессидің жарнамалық келісім-шартта есімін қолданғаны үшін түсетін табыстың 20 пайызын алғысы келеді.

Мессимен жаңа келісім былтырдан бері жүргізілуде. Sport.es сайты Esport3 телеарнасына сілтеме жасау арқылы, «Барселона» аргентиналық ұсынған келісім-шартты қабылдауға асығар емес дейді. Тіпті, каталондық клуб Мессидің ПСЖ-ға ауысуын дұрыс көреді. 

2018 жылға дейін жасалған келісім-шартқа сай, 26 жасар аргентиналық бір маусымда 14,6 миллион еуро табады. Сонымен қатар, жарнамалардан да 15 миллион еуро табыс түседі.