«Монако» мен Колумбия ұлттық құрамасының шабуылшысы Радамель Фалькао Бразилияда өтетін әлем біріншлігіне баруы ықтимал.

Бұл туралы Фалькаоның дәрігері Хосе Карлос Норона айтты: «Фалькао әлем біріншілігіне бара алады. Бұл жағдайда 4 ай, 19 күн бойы емделу жеткілікті. Әрине, турнир басталғанда жоғары деңгейде өнер көрсетуге 100 пайыз дайын болмайды», – дейді Нарона L'Equipe-ге.

Естеріңізге салсақ, Франция Кубогы аясында «Монға» қарсы кездесуде футболшы ауыр жарақат алып қалған еді.