Қазақстандық теннисші Зарина Диасты жеңген словакиялық Доминика Цибулкова біздің спортшыға жақсы ойыны үшін алғысын айтты, деп хабарлайды Gotennis.ru.

Естеріңізге салсақ, Малайзияда өткен турнирдің ширек финалында Цибулкова Зарина Диасты үш сетте жеңген болатын - 4:6, 6:2, 6:4.

«Менің қарсыласым тамаша ойнады - менің осындай қауіпті сынақтан өтуіме тура келді. Корттың дымқылдығы жоғары деңгейде болды, сондықтан ойнау оңайға соққан жоқ. Мен жеңіліп қалған бірінші сетте геймдер ұзаққа созылды. Сондықтан маған өз ойнымды табу үшін бірнеше гейм қажет болды. 

Мен осы сынақтан өткеніме қуанамын. Ойынның соңында өзімнің ер мінезділігімді көрсетуіме тура келді. Осындай кездесулерде жеңіске жеткен қандай керемет!», - деді Цибулкова.