Братина кубогының бірінші финалдық кездесуінде қарағандылық «Сарыарка» хоккей клубы тюмендік «Рубинге» жол беріп қойды. 

Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. «Рубин» сапында Максим Юшков дубль жасаса, Андрей Чибисов бір шайбаның авторы атанды. Кеншілер сапында жалғыз шайбаны Костантин Макаров соқты. 
 
«Рубин» (Тюмень) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)
 
1:0 – Юшков – 12:08
1:1 – Макаров – 34:52 
2:1 – Чибисов (Карпов, Бэкстрем) – 43:05
3:1 – Юшков (Трифонов, Трусов) – 44:32
 
Қақпашылар: Франскевич – Горячевских
 
Сериядағы есеп: 1:0