Қатерлі дерт ауруының кезекті құрбаны «Вест Хэм» және Австралия жастар құрамасының ойыншысы Дилон Томбайдз болды, деп хабарлайды eurosport.ru.

Томбайдз өз елінің болашағы еді – ол «соккеруз» құрамына шақырылып, команданың жасөспірімдер (17 жасқа дейін) және жастар (23 жасқа дейін) командасында ойнаған.

2011 жылы спортшыдан қатерлі ісік табылды. Ол кезде Дилонның жасы бар болғаны 17-де еді. Ұзақ уақыттық емнен кейін Томбайдз 2012 жылы алаңға қайта оралған.

Өкінішке қарай, сырқаттың кесірінен Дилон 18 сәуір күні таңда қайтыс болды. Австралиялық шабуылшыны еске алу үшін осы сенбіде өтетін «Вест Хэм» ‑ «Кристал Пэлас» ойынында бір минуттық үнсіздік жарияланады.