Зарина Диас WTA аясында Куала-Лумпурда өтіп жатқан  BMW Malaysian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық теннисші турнирдің бірінші ракеткасы словакиялық Доминика Цибулковадан үш сетте жеңілді – 6:4, 2:6, 6:4.