Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари қазіргі командасын 2002 жылы әлем чемпионатын ұтқан құрамасымен салыстырды.

«Қазіргі ұлттық құрамада жас ойыншылар көп. Әйтсе де, 2002 жылы командамыз мықты және тәжірибелі болатын. Әзірге, біздің жас ойыншыларымызда мұндай тәжірибе жоқ», — деді Сколари.